12 Қараша 2026, 18:13 Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Жалған тұлғалардың атына автонесие рәсімдеп, көліктерді шетелге сатқан: 48 күдікті анықталды

Жалған тұлғаларға рәсімделген көліктер: ІІМ алаяқтық схеманы анықтады.

ІІМ автокөліктерге қатысты ірі алаяқтық схеманың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеген. Кейін көліктерді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарып, қайта сатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша осындай жолмен шетелге 56 автокөлік шығарылған. Қылмыстық әрекетті тоқтату мақсатында ІІМ бір уақытта еліміздің 10 өңірінде жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 48 адам полицияға жеткізілді. Олардың ішінде қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген іс-шаралар қылмыстық топтың одан әрі әрекет етуіне тосқауыл қойып, алаяқтықтың жаңа деректерінің алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, шетелге шығарылған автокөліктерді іздестіру шаралары қабылданып жатыр, - деп хабарлады ІІМ Криминалдық полиция Департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. 

Тергеу барысы ІІМ-нің бақылауында.