Жалған шот-фактура жасаған кәсіпкерлер сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактура жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару бойынша әрекеттерінің жолын кесті.

Тергеу барысында «Anast&Asia» ШҚ директоры «Деревянко В.Е.» ЖК жалпы соманың 1% көлеміндегі сыйақы үшін 650 млн теңгеден астам сомаға заңсыз шот-фактуралар жазып бергені анықталды. Кәсіпорын басшылары 1,5 және 2 жылға сотталды - делінген департамент ақпаратында.

Бұл Қостанай облысы бойынша ЭТД-нің ағымдағы жылдың басынан анықтаған 5-ші дерегі. Барлық деректер бойынша мемлекетке 1,6 млрд теңге көлеміндегі залал өтелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы