Жалған құжаттар бойынша ҚҚС-ны заңсыз қайтару схемалары анықталды
Қостанай облысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Асқар Габиденұлы Әбеновтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Департаменттің қаржылық пирамидамен күрес және жалған шот-фактураларды жазып шығару саласындағы жұмыс нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаменті көлеңкелі экономиканың алдын алу саласында белсенді жұмыс істейді, оның ішінде қаржылық пирамидамен және жалған шот-фактураларды жазып шығару мәселелерімен күрес жүргізеді.
«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында департамент жалған құжаттар бойынша ҚҚС-ті заңсыз қайтару схемаларын анықтап, сондай-ақ қаржылық пирамида арқылы алаяқтықпен айналысатын ұйымдардың қызметін тоқтатуды жалғастыруда. Бұл схемалар аймақ экономикасына үлкен зиян келтіреді және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
2024-2025 жылдар аралығында құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қаржылық пирамида туралы ақпарат таратқан және оған 7 мыңнан астам азаматты тартқан 8 әлеуметтік желі аккаунты жойылды.
Сондай-ақ, құқыққа қарсы контенті бар 2 050 сілтеме бұғатталды, оның ішінде 1 714 сілтеме жойылды, ал бұғаттау жұмыстары жалғасуда. Қаржылық пирамида белгілері айқын жобалар арасында «Befree», «Platincoin» және «Eden Live» сияқты жобалар ҚР ҚНРА тізіліміне енгізілді.
Қаржылық схемаларға қатысушыларды жауапкершілікке тартуға ерекше назар аударылуда. Осылайша, департаменттің бастамасымен River Coins LTD сияқты қаржылық пирамидаларды жарнамалаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыптылар жалпы сомасы 387 000 теңге айыппұл төледі. Сонымен қатар, департамент Qnet пирамидасына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеулерін жалғастыруда, мұнда келтірілген зиян 150 миллион теңгеден асты, ал кінәлі тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Одан басқа, Департамент жалған компаниялар арқылы ақшаны заңсыз айналымға түсіру схемаларын және жалған шот-фактураларды жазып шығару мәселелерімен белсенді күресуде. 2024 жылы 7,2 миллиард теңге көлеміндегі 117 мәміле жарамсыз деп танылды.
Сондай-ақ, миллиардтаған теңгеге 36 шот-фактура бұғатталды, 36,9 миллион теңге сомасына мүлік тәркіленді, ал 365,5 миллион теңге сомасындағы операциялар жойылды. Жалпы, жалған шот-фактураларды жазып шығару бойынша қылмыстық істердің біреуінде зиян 100 миллион теңгені құрады, тергеу жалғасуда.
Департамент салықтық есептілікті мониторингтеуді және күмәнді операцияларды анықтауды қамтамасыз ететін аналитикалық құралдарды белсенді енгізуде. Бұл шаралар бестоварлы мәмілелер жүргізіп, жалған құжаттарды қолданатын фирмаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жасалған мониторинг жүйелерінің арқасында Департамент осындай компанияларды анықтап, олардың қызметін тоқтатуда тиімді жұмыс істеуде.
Жедел іс-қимылдардан басқа, Департамент азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде. 2025 жылдың қаңтар айында қаржылық қауіпсіздік форумын өткізу ұйымдастырылды, онда қаржылық пирамидамен, киберқатерлермен және қаржылық алаяқтықпен күресу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, Қостанай облысының 396 мектебінде қаржылық қауіпсіздік бойынша сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылды, бұл сабақтар 51 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Осы сабақтар барысында оқушылар қаржылық пирамидаға қатысу қаупімен танысып, интернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы білім алды.
Департамент қаржылық пирамидаларды анықтап, олардың қызметін тоқтату, сондай-ақ жалған шот-фактураларды жазып шығару мәселелерімен күрес жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. Алдағы уақытта жағдайды мониторингтеу және азаматтармен әрі бизнес өкілдерімен профилактикалық жұмыстарды күшейту жоспарлануда. Департаменттің негізгі мақсаты – айқын және қауіпсіз экономикалық орта құру, сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау.
Қаржылық алаяқтыққа қатысуын болдырмау мақсатында департамент әлеуметтік желілерді, веб-сайттарды және форумдарды мониторингтеу құралдарын белсенді пайдалануын жалғастыруда, сондай-ақ азаматтарды алаяқтық жағдайлары туралы хабарлау үшін «Байқа пирамида» және «АФМ-Инсайдер» Телеграм-боттары мен 53-60-50 сенім телефоны арқылы көмек сұрауға шақырады.
Департамент экономикалық қылмыстарды тоқтату үшін барлық мүмкін құралдарды пайдалану арқылы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.