Жалған құжатпен ақша жымқырған жаттықтырушылар жазаланды

Қостанай облысында жас спортшылардың атын жамылып ақша жымқырған жаттықтырушылар жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Лисаков қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері жарысқа және оқу-жаттығу жиындарына қатысты деген желеумен қаржылық есеп тапсырып отырған, нәтижесінде 6 миллион теңгені ұрлаған. Ал балалар ешқандай жарысқа бармаған.

Күдіктілер кінәсін толық мойындап, қаражатты толық қайтарған. Екі бапкерге қатысты іс тоқтатылды.

Ал үшіншісі 3 жыл 6 айға шартты түрде жазаға кесілді.

Лисаков қалалық соты бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін заңсыз иеленгені және жымқырғаны үшін қалалық жасөспірімдер спорт мектебінің үш жаттықтырушысына қатысты сот үкімін шығарды. Жәбірленуші тараппен бітімгершілікке келу және шығынды толық өтеуге байланысты екі жаттықтырушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Үшінші жаттықтырушы сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, жаза шартты түрде белгіленді. Үкімдер заңды күшіне енді, – деді Облыстық сот баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы