Жалған ПТР-анықтамасы мен вакцинация паспортын жасап берген медицина қызметкерлері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингі барысында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.

ПТР-анықтамалар мен жалған вакцинация паспортын жасаған 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20, делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды, - деді Нұрділда Ораз.

Оның айтуынша, осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. 4 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істерді тергеу бақылауда, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы