4 Қараша 2025 2025, 23:30 Фото: pixabay

Жалған мүгедек: Семейде қайыр сұраған ер адам қамауға алынды

Семейде полицейлер сауда үйі маңында қайыр сұраған 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семейде полицейлер сауда үйі маңында қайыр сұраған 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ер адам инсульттан кейінгі салдар бардай кейіп танытып, азаматтарды алдап, олардың аяушылық сезімін тудырған.

Әлеуметтік желіде бұл азаматқа көмектескен тұрғындар кейін оның шын мәнінде дені сау екенін анықтаған.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 5 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта ер адам жазасын өтеп, босатылған.