Жалған құжат жасап келген қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 4 жылдан астам "өзара есеп айырысу" туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің деректері бойынша, ҰҚТ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен. Нәтижесінде мемлекетке 500 млн теңгеден астам залал келтірген.
Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балқаш маңында дала өрті толастамай тұр
Өзгелердің жаңалығы