Жалған курьер елордалықтардың 3 млн 600 мың теңгесін қолды еткен
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елорданың 24 тұрғыны жалған курьерге алданып қалды. Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 26 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Ер адам Яндекс мобильді қосымшасында тіркелген. Курьер жеткізу қызметі сылтауымен ол сенгіш астаналықтардың 3 млн 600 мың теңгеден астам ақшасын иемденген, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, алаяқ тапсырыс берушіден өтінімді қабылдай отырып, қаскүнем дүкенге жаңа тауар алуға барды. Оны алады, бірақ тауарды ешқашан кері бағытқа жеткізбейді.
Алданған қала тұрғындары алаяқтың ұялы телефонына хабарласа алмай қалған. Ол сондай-ақ ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды иемденген. Алаяқтық әрекеттердің барлық фактілері бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деді ІІМ өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін жол жабылғаны туралы хабарламаны елемегендерге айыппұл салынатыны туралы жазған болатынбыз.