Жалған хабар: "АвтоЖол+"ке алданбаңыздар!
ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі әлеуметтік желідегі "АвтоЖол+" деп аталатын жеңілдетілген автонесиелердің белгілі бір жаңартылған бағдарламасының іске қосылғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік осы хабарландыруда сипатталған шарттармен (оның ішінде автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі субсидиялар, жылдық 2% несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнасыз және т.б.) бағдарламаны іске қосу туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Бұл ақпараттық материал жалған және болжам бойынша алаяқтық мақсатында жасалған.
Азаматтарды қырағы болуға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген ресурстарға бермеуге және тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырамыз, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалды
Өзгелердің жаңалығы