Жалған доллар сатқан екі азамат ұсталды
ҚМА Алматы облысы бойынша департаментімен жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіндігі анықталды.
Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды. - делінген ҚМА таратқан хабарламада.
Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы