Жалған дәріге тосқауыл: Таңбалау жүйесі қалай көмектесті?

Елімізде былтыр 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды таңбалау іске қосылғаны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ал бүгінгі таңда 36 жуық отандық өндіруші мен дистрибьютор дәрі-дәрмекті таңбалаудан өткізіп жатыр.

Вице-министр 360 млн-ға жуық дәрі-дәрмек таңбаланғанын алға тартты. Ал 8 мыңға жуық дәріхана мен 1900 жуық медициналық ұйым дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуде.

Қаржы министрлігімен бірге есептегенде, бірінші тоқсанда өндірушілер мен дистрибьюторлардың айналымы 15%-ға өскені белгілі болды. Бұл контрфакті мен контрабанда өнімдерінің азаюына және Қазақстанға әкелінетін дәрі-дәрмектің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында «Әлеуметтік әмиян» сервисі жұмыс істейді. Қазір барлық пациенттердің 75%-ын осы сервис арқылы дәрімен қамтамасыз ету қолға алынды.

Бұл әр дәрі-дәрмектің атаулы азаматтарға жеткізілуіне және оның қолжетімділігін арттыруға әкелді, - деп түсіндірді Ербол Оспанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы