Жалған ақша өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанай, BAQ.KZ. Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің жедел әзірлеу нәтижелері бойынша облыс аумағында алдын ала сөз байласу арқылы жалған валюта қаражатын өткізумен айналысқан бір топ тұлғалар анықталды.
Ұстау кезінде қылмыскерлерден 223 000 РФ рублі, сондай-ақ 8 000 000 теңге тәркіленді.
Қылмыстық топ барлығы 19 500 EURO өткізген, сараптама қорытындысына сәйкес қаражат жалған валюта екені анықталды.
«Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-тармағы "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, алып өту немесе өткізу" және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тілкелді» - делінген ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қостанай қаласының соты ұсталынған тұлғаларға қатысты бұлтартпау ретінде қамауда ұстау шарасы санкцияланды, басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүргізілуде.