Жалған ақша жасау белең алды: қалай ажыратуға болады?
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан аумағында 96 жалған ақша белгісі – 93 банкнот пен 3 монета анықталды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ең көп қолдан жасалған – 5000 теңгелік банкноттар. Барлығы 85 дана. Сонымен қатар, 2000 теңгелік – 5 дана, ал 10 000 теңгелік – 3 дана жалған банкнот тәркіленген. Ал монеталар жалған ақша ретінде алғаш рет тіркеліп отыр – жалпы сомасы 465 150 теңге.
Мамандардың айтуынша, жалған банкноттар көбіне түрлі-түсті принтер арқылы қарапайым офсеттік қағазда басылған. Су белгісі, патч элементінің көлемі, голографиялық әсерлер, сондай-ақ қорғаныс өрнектері жоқ. Бұл – жалған ақшаның басты белгілері.
Ұлттық банк мамандары азаматтарға банкноттарды көзбен және жанасу арқылы тексеруге кеңес береді. Қауіпсіздік элементтері туралы толық ақпаратпен Ұлттық банктің ресми сайтында танысуға болады.
Егер күмәнді ақша табылса, тұрғындардан дереу құқық қорғау органдарына жүгіну сұралады.