Жалған ақпаратпен күресу үшін қоғамның цифрлық сауаты артуы қажет – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында халықтың қаржылық, ақпараттық және цифрлық сауатын арттырудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, жастарды адастыратын адамдар көбейгенін айтты.

Ғалымдар әрдайым жасампаздық жаршысы болуы тиіс. Қазір әлеуметтік желі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейді. Олардың арасында жалған ақпарат таратып, жұртты адастыратын адамдар аз емес. Тиісті мекемелер заманауи технологияларды пайдаланып, мұндай деструктивті жазбалардың авторларын анықтап отыр. Әзірге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, бірақ мұндай әрекеттер жалғасса, заң аясында басқа шара қолдануға тура келеді, – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық – ең маңызды басымдық. Сондықтан кез келген мәселе жөнінде пікір айтқанда салмақты әрі саналы ұстаным қажет. Ғалымдар жастар арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, білікті мамандардың көзқарасына сүйенген қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосуы керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы