Жалған ақпарат – жас баланың қолындағы ұстара секілді - депутат

Парламентінің Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысы мен Бас Прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады, деп жазады, BAQ.KZ тілшісі.

«Сөзді ауызыңнан шыққанша сен басқарасың, ал аузыңнан шыққан соң ол сені басқарады» деген тәмсіл бар. Тау мен тасты су бұзса, адамзатты сөз бұзады. Сөз дегеніміз – бүгінгі заманның ақпараты. Елді екіұдай күйге түсіріп, жолынан жаңылдыратын жалған ақпарат – жас баланың қолындағы ұстара секілді. Не өзі арандайды, не өзгені арандатады. Түрлі блогерлер мен есім-сойын жасырған әртүрлі аккаунттар, жең ұшынан жалғасқан боттар елдің тынышын қашырып, алауыздықтың шоғын үрлеп, жалған мәліметтермен елдің құлағын көтеріп, мемлекеттің ішкі тұрақтылығын шайқалтуға мүдделі ниетіне қасқыр шапқандар да жоқ емес, - деді Жанарбек Әшімжан.

Айтуынша, осы орайда көрнекті қоғам қайраткері, біртуар қаламгер Әбіш Кекілбайұлының «Бостандық – ұлтты бодандықтан да қатты сынайды» деген қанатты сөзі ойға оралады.

Бүгінгі бас министр мен бас прокурорға жолдаған депутаттық сауал еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікке қатысты, - деп өтті депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы