Жалған ақпарат па? Есімханов Сәпиевпен жанжалға қатысты мәлімдеме жасады

Джиу-джитсудан әлем чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Даурен Есімханов олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралып жатыр.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та объективті шындықты көрсетпейтін ақпараттар тарап жатыр. Арандатушылыққа және жағдайды әдейі ушықтыруға бағытталған жосықсыз әрекеттерге ермеулеріңізді сұраймын, - деді Есімханов.

Бұған дейін полиция соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда оқиғаның мән-жайы мен себептері жария етілмеген еді.

Олимпиада чемпионы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қатысқан төбелестің видеосы желіде тарады.

23 қаңтар, жұма күні Сәпиев Instagram-дағы парақшасында рингтен тыс күш қолданбайтынын айтып, орынбасары Даурен Есімхановпен болған жанжалға қатысты пікір білдіріп еді.

Айта кетейік, Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың себебін видео арқылы түсіндірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы