Жалған ақпарат. Тараз тұрғыны сот кіреберісінде граната жарам деп шулатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 қарашада 9 сағат 10 минутта Жамбыл облысының Полиция департаменті кезекші бөліміне Тараз қалалық сотының фойесіне ер адам кіріп, сөмкесіндегі гранатаны жарып жіберетінін айтып үрей туғызады.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Жамбыл облыстық психоневрология диспансерінде есепте тұратын 49 жасар азаматты ұстады. Ұсталған адамның сөмкесінде ешқандай жарылғыш құрылғы, граната және өзге де оқ-дәрі болған жоқ - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру» 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адам Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы бір жалған ақпарат
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы