Жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жаза енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерланды Премьер-министрі COVID-19-ға байланысты ішінара локдаун жариялады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Шектеулер үш аптаға, 13 қарашадан 4 желтоқсанға дейін енгізілді. Ел тұрғындарының көпшілігі қашықтан жұмыс істеуге көшеді, дүкендер 18:00-де жабылуы керек.
Грекия билігі коронавирус туралы жалған жаңалықтар таратқаны үшін қылмыстық жаза енгізді. Олар "азаматтардың алаңдаушылығын, қорқынышын тудыратын немесе қоғамның ұлттық экономикаға, елдің қорғанысына немесе қоғамдық денсаулыққа деген сеніміне селкеу түсіретін" жалған мәліметтер таратқаны үшін жазалауды жоспарлап отыр.
АҚШ-та вакцинацияны ішкі рейстер үшін міндетті ету ұсынылды. АҚШ Конгресінің 30-дан астам мүшесі Президент Джо Байденге осындай ұсыныспен жүгінді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналықтар жұмбақ жарқылға куә болды
Өзгелердің жаңалығы