Жалға берілген баспана көпбалалы отбасыларға тегін аударылатыны рас па?

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство атап өткендей, жалға берілетін тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Айтуынша, көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлерді тегін аударып беру мәселесі қарастырылмайды.

Құрметті Астана қаласының азаматтары! Астана қаласының тұрғын үй орталығы қазіргі уақытта «көпбалалы отбасылар» санаты бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алған азаматтар арасында жалға берілетін тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру туралы ақпарат таратылғандығын хабарлайды. Назар аударыңыз! Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және арандатушылық болып табылады. Көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлерді тегін Сатып алу мәселесі қарастырылмайды! Барлық ақпаратты тұрғын үй орталығының ресми ресурстарынан ғана нақтылауды сұраймыз, - деп ресми мәлімдеме жасады Тұрғын үй қоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы