ШОБ-ты жалдау төлемдерінен босату жөнінде шешім қабылдау қажет – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің онлайн отырысы кезінде айтты.

Қаржы министрлігі Президент тапсырмаларын тез арада орындауын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Квазимемлекеттік секторда бірыңғай сатып алуды енгізу жөнінде заңға қатысты. Биыл 28 тамызда квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінде сатып алу туралы Үкіметке заң жобасы енгізілді. Заң жобасы барлық процедураның 100%-ын электронды форматқа көшіру арқылы сатып алудың ашықтығын арттыруға бағытталған, - деді министр.

Оның сөзінше, барлық реттелетін сатып алуларды бірыңғай терезе арқылы өткізу жоспарлануда.

2019 жылы қолданыстағы сатып алу алаңдарының негізінде сатып алудың бірыңғай терезесі порталы құрылған болатын. «Атамекен» ҰКП бірыңғай терезенің операторы болып анықталды. Сонымен бірге бірыңғай терезенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополия субъектілерінің сатып алу алаңдарымен ықпалдасу қажет, - деді Жамаубаев.

Жыл соңыға дейін жалдау ережелеріне өзгерістер енгізу жөнінде бірлескен жұмыс жасалуда.

Осы жылдың соңына дейін ШОБ субъектілерін жалдау төлемдерінен босату бойынша жалдау ережелеріне өзгерістер енгізу жөнінде бірлескен жұмыс жасалуда. Республикалық және коммуналдық меншік объектілері бойынша ШОБ субъектілерімен тиісті қосымша келісімдер жасасу жоспарлануда. Квазимемлекеттік сектор да оларды басқару органдарының ШОБ-ті жалдау төлемдерінен босату жөнінде шешім қабылдау қажет, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы