Жалдамалы пәтерге субсидия. Қатысушының талапқа сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин азаматтарға тұрғын үйді жалдау және шығындар бөлігін өтеу цифрлық платформада қалай жүргізілетінін айтып берді.

«Отбасы банк» платформасы негізінде электрондық цифрлық  қолтаңба арқылы өтініш беру үшін және өтініш берушінің бағдарлама талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру процесі ұйымдастырылды, - дейді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, өтініш берушінің деректері Цифрлық даму, Әділет, Қаржы, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік базаларымен интеграциялау арқылы тексеріледі. 

Келісімшарттар «Blockchain» технологиясы негізінде қалыптастырылады және мемлекеттік органдарының жылжымайтын мүліктер базасында онлайн тіркелу мүмкіндігі көзделген. Отбасы банк тарапынан Smart Bridge арқылы тиісті өтінім берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау қажеттілігі  келісілді, - деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Үкіметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы