Жалдамалы пәтер: Елорда әкімдігі тағы 250 пәтер сатып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында zhilfond.kz сайтында «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды. 

Өткен адамдардың тізімде барлығы 800 өтінім бар, себебі бүгінгі күні құрылыс басқармасы 800 пәтер сатып алды. Алайда, құрылыс басқармасы осы бағдарлама бойынша тағы 250 пәтер беру үшін сатып алуды жоспарлап отыр және олар резервтік тізімдегі бірінші тұрғандарға берілетін болады. 250 пәтер сатып алынғаннан кейін біз ұялы телефонға смс-хабарлама арқылы резервтік тізімдегі келесі үміткерлерге қосымша хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Қоныстандыру уақыты мен күні, бағдарлама бойынша өткендерге арналған пәтердің мекенжайы қосымша хабарланады және толық ақпарат сәл кейінірек qatysu.zhilfond.kz порталындағы өтініш берушінің жеке кабинетінде орналастырылады.

Бағдарлама бойынша қоныстандыру кестеге сәйкес жүзеге асырылады, ол объектілер мен жалдау шарттарының дайын болуына қарай жарияланатын болады.

Пәтерлерді бөлу отбасы құрамына сәйкес жүргізіледі. Мысалы: өтініш беруші некеде тұрмайды, балалары жоқ, бірақ некеде тұрған және балалары бар өтініш берушіге қарағанда көбірек балл жинады, үлкен ауданы бар пәтер ерлі-зайыптыларға ұпайларына қарамастан беріледі. Алайда, егер өтініш берушілердің балалары мен отбасылық мәртебесі бірдей болса, онда көбірек көп балл жинаған адамнан үлкен ауданы бар пәтер алу мүмкіндігі бар. Мәлімет үшін, егер сізге құжаттардың толық топтамасын ұсынбауға байланысты бағдарламадан бас тартылған жағдайда, сіз qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп және өз өтініміңізбен таныса аласыз, яғни өтінім беру, түзету кезінде сіз қоса берген құжаттарды қарап, құжаттардың толық емес пакетін қоса бергеніңізге көз жеткізе аласыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы