Жалақысы мектеп күзетшісінен де төмен. Дипломы бар мамандардың айлығы туралы айтылды
Су саласының мамандары мектеп күзетшісінен де төмен жалақы алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы және республикадағы су шаруашылығы жағдайы жайында өткен брифингте «Қазсушар» РМК бас директорының пайдалану және автоматтандыру жөніндегі орынбасары Ербол Салихбаев мәлімдеді.
Ол баспасөз конференциясында су саласы мамандарының жалақысы мәселесін көтерді.
Қазіргі күні республикамызда су саласы мамандары ең төменгі жалақы алатындар қатарында. Тіпті мектептегі қарауыл (күзетші – ред.) біздің (су саласының – ред.) арнайы оқу бітірген, дипломы бар мамандардан жоғары жалақы алады. Сол себепті біз оны тарифпен (оны көтеру арқылы – ред.) шешпесек, басқа жолы жоқ, - деп айтты ол.
Су шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы