Қазақстандықтардың жалақылары 15% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың I тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 186,5 мың теңгені құрап, бір жылда 14,6% өсті. Бұл ретте жалақының нақты өсуі (инфляцияны есепке алғанда сатып алу қабілетінің өсуі) 8,9% құрады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды finprom.kz порталы.
Жыл басынан бері ең төменгі жалақы 1,5 есеге артты, сондай-ақ жалақысы төмен қызметкерлерге арналған салық жүктемесі 10 есеге төмендеді.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30% дейін артты. Бүгінде 1,1 млн астам төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысына орташа есеппен 31% үстеме ақша қосылды.
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті халықтың өмір сүру сапасы туралы сауалнама жүргізді. Үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша сауалнама қатысушыларының 60% (субъективті бағалау бойынша) өз өміріне қанағаттанатынын, бұл ретте ауылдық жерлерде – 69,3%, қалада – 54,4% адам. Өз өміріне қанағаттанатын ерлер әйелдерге қарағанда 3,3% артық. Өткен жылғы ұқсас тексерумен салыстырғанда респонденттердің өміріне қанағаттану деңгейі айтарлықтай артты (2018 жылы - 56,6%).
Материалдық қамтамасыз ету деңгейі бойынша сауалнама қатысушыларының 68,8% өздерін орташа деңгейге жатқызса, 0,4% – төмен деңгейді, 0,3% өзін қамтамасыз етудің жоғары деңгейін көрсетті.
Өңірлерде ең жоғары орташа айлық жалақы – 325 мың теңге Атырау облысына тиесілі. Үштікке Маңғыстау облысы (289,6 мың теңге) мен Нұр-Сұлтан қаласы (287,7 мың теңге) қорытындылайды. Алматы – 227,4 мың теңге және Батыс Қазақстан облысы – 181,6 мың теңге.
Төрт өңірде ғана орташа айлық жалақы орта республикалық мәннен асады. Атырау облысында орташа жалақы орташа республикалық мәнмен салыстырғанда 74,2%, Маңғыстау облысында – 55,2%, Нұр-Сұлтан мен Алматыда 54,2% және 21,9% жоғары.
Ең төменгі жалақы Жамбыл (126,5 мың теңге), Түркістан (128,1 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (130,3 мың теңге) облыстарында байқалады.
Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады: 458 мың теңге, жыл ішінде нақты өсім 29,8% құрады.
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында орташа айлық жалақы 387,3 мың теңгені құрайды, нақты өсім жылына – 2,7%. Кәсіби, ғылыми және техникалық сала қызметкерлері үштікті қорытындылайды: 315,1 мың теңге, нақты жылдық өсім – 9,6%.
Сондай-ақ, ТОП-5 салаға ақпарат пен байланыс (274,9 мың теңге) және құрылыс (233 мың теңге) саласының қызметкерлері кірді.