Жалаңаш қыздың суретіне қарап дін туралы заң шығарады – Тұрсын Жұртбай депутаттар туралы

Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай «Ұлттық идеология және ...» жобасында, оның айтуынша, осыдан 10 жылдай уақыт бұрын болған оқиғаны баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыдан он жылдай бұрын Дін комитеті, Қауіпсіздік комитетінің діндерді зерттейтін институты бар, соның директорының орынбасары, 6-7 жазушыны шақырып алып, 5-6 сағат айтысқанбыз. Ең соңында «бізге мынау қысқа балақ пен паранджа киетіндер бөгет жасайды» дейді. «Сақал қойып алады». Мен айттым сонда «еркектің 5 тал сақалы мен әйелдердің 5 тал етегімен күресіп заң шығарған депутаттар жалаңаш қыздардың суретіне қарап осы сөзді шығарады. Ал одан не пайда?» Одан да ол жүрегінде, - деді ол.

Жазушы сол жиында Үкіметтің қысқа балақ пен паранджа киетіндерге неге тыйым салмайтынын сұрағанын да айтты.

«Сол киіп жүрген адамдарды білесіңдер. Білмесеңдер, неге Үкімет комитет құрып отыр, Қауіпсіздік комитеті не үшін институт ұстап отыр, неге Дін басқармасы отыр? Ендеше неге тыйым салмайсыңдар?» Үндемейді. Өйткені сол екі жылда бір рет алатын 2 бүтін бірдеңе миллиард долларды кім алады, кім жүргізіп жүр? – деді ғалым.

Тұрсын Жұртбай сұхбатта қысқа балақ, сақал, паранджа, орамалды таласқа түсіретін діни мәселе деп санамайтынын айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын төменнен тамашалай аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы