Жалақыны көтеруге, жеке сектордың үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылады – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік және экономикалық саясаттың жаңа міндеттерін белгілеп берді. Жолдауды іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленді, ол Жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының бастамалары бойынша міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталған, - деді Үкімет басшысы.
Мамин атап өткендей, Үкімет пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың орнықты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын жетілдіру, өңірлерді кешенді дамыту, еңбек нарығының тиімді экожүйесін құру бойынша белсенді шаралар қабылдайды.
Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру Үкімет жұмысының маңызды бағыты болады. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы нақты табыстың өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Ұсынылып отырған Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған міндеттерге толықтай сай. Барлық бірінші басшыға жоспардың іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік жүктеледі, - деп атап өтті ол.
Үкімет мүшелері Мемлекет басшысы Жарлығының жобасына дауыс берді.
Мамин Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-министр кеңсесімен бірге өте қысқа мерзімде Жарлық жобасын Президент әкімшілігіне енгізуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы