Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды prosports.kz
Жалғас жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отырады. Қазіргі кезде келіссөздердің соңғы кезеңі өтуде, - деді ресейлік спорт журналисі Игорь Лазорин өзінің телеграм-каналында.
Егер америкалық промоушенмен келіссөздер сәтті өтетін болса, Жалғас UFC-дегі екінші қазақстандық болады. Бірінші қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов.