Жалған статистикалық мәлімет таратқаны үшін 4 мың адам жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың жарты жылдығында Қазақстанда статистикалық мәліметтерді ұсынбаған, не шындыққа сай келмейтін мәліметтерді берген 4 567 респондент әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«Әкімшілік жауапкершілік туралы айтар болсақ, 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында статистикалық мәліметтерді ұсынбаған, не шындыққа сай келмейтін мәліметтерді бергені үшін аумақтық органдар 4 567 респондент жазаланды. Олардың 85% - ақпаратты мерзімінен кешіктіріп бергені үшін, 15% - жалған дерек ұсынғаны үшін жауапқа тартылды», - деді Айдапкелов.Оның айтуынша, қайтадан осындай бұзушылыққа жол берген 293 респондент әкімшілік жауапқа тартылды. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында профилактикалық бақылау енгізілген соң әкімшілік жауапқа тартылғандардың саны 4 есе, яғни 1180 респондентке қысқарды. Айдапкелов осындай шаралардың барлығы есептілік тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді деген пікірде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда триатлоннан ашық чемпионат өтеді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы