Жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны жасалған қылмыс туралы жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылады. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
1 қыркүйекте қыз полицияға оны көшеде тонап кеткені туралы арызданған. Белгісіз адам велосипедпен келе жатып, оның сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткен, жалпы шығыны 10 мың теңгені құрады, - делінген хабарламада.
Тергеу барысында, іс жүзінде қызға қатысты тонау болмағаны және оны өзі ойлап тапқаны анықталды.
Сол кеште ол жұмыстан шығып, бір танысымен кездескен. Көлікте аяқ астынан жанжал шығып, ер адам қыз баланы бетінен ұрып жіберген. Ол ашуланып, көліктен түсіп, сөмкесін алуды ұмытып кеткен. Үйге сөмкесіз оралған қыз әкесіне оған белгісіз біреудің шабуыл жасап, тонап кеткенін түсіндірген. Әкесі полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта тонау ісі тоқтатылып, қызға қатысты жалған ақпарат беру фактісі бойынша шешім қабылданады, - делінген водомство хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, көрінеу, жалған айғақтар бергені үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы