Жалған ақпарат!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желі арқылы тараған жалған ақпарат жайлы ескертеді.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан басқа 8 АЕК (шамамен 20000 теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда. Бұл хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейміз – делінген хабарламада.

Департамент хабарлауына қарағанда, Қазақстан Республикасы қолданыстағы Салық кодексінде салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасына өсімпұл есептеу қарастырылған, бұл ретте, заңнамамен айыппұл санкциялары қарастырылмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы