Жақсылықов қайта қаржыландыратын ШОБ-ты атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдау мен дамытуға басым көңіл бөледі. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы 2010 жылдан бастап табысты іске асырылып жатыр. Бұл жоба ШОБ-ты мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен қатар сұранысқа ие, - деді ол.

Жақсылықов айтқандай, бағдарлама бойынша жеңілдік ставкасы 6 пайызды құрайды.

Ол ағымдағы инфляция деңгейінен әлдеқайда төмен. Зардап шеккен экономика секторында ШОБ-ты қайта қаржыландыру жүзеге асырылады. Бұл санатқа жататын экономикалық қызметтің тізімі кеңейді. Оған бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, - деді ол.

Тимур Жақсылықов атағандай, «БЖК-2025», МҚШ аясында қолдауға 25 мыңнан астам жоба ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы