Жайылғанова мемлекеттік қызметшілерге үндеу жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметшілерге үндеу жолдады. Бұл туралы ОКҚ-де онлайн брифинг кезінде айтты.

Мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қызметшілердің денсаулығына сақтауға көңіл бөлу өте маңызды. Ағымдағы жағдайға қарамастан өз міндеттерін күнделікті және адал орындап жүрген мемлекеттік қызметшілерге үндеу жолдаймын, - деді Анар Жайылғанова. 

Агенттік төрағасы әріптестерінен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирустық инфекциясының алын алу жөніндегі ұсыныстарын қатаң сақтауға шақырды.
Гигиена ережелерін сақтау әріптестеріңіздің және азаматтарымыздың арасында COVID-19 таралуын болдырмауға көмектеседі. Қалыптасқан жағдай коронавирустық инфекцияның таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шаралардың қабылдауын талап етеді, - деді агенттік төрағасы брифинг барысында. 
Сонымен қатар Анар Жаилғанова мемлекеттік орган басшыларын қызметшілердің денсаулығын сақтау үшін жағдай жасауды сұрады.
Мемлекеттік органдардың басшыларын қызметшілердің денсаулығын және күнделікті функцияларын толыққанды орындау қабілетін барынша сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасауға шақырамыз. Мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтау мақсатында келесідей шаралар ұсынылады, - деп атап өтті Жайылғанова. 
1. Икемді, қысқартылған немесе қашықтықтан жұмыс режимін қолдану. Мемлекеттік органдарда икемді жұмыс уақытын қолдану ағымдағы жағдайда ерекше өзекті болып табылады.

Бұл мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан қол үзбей, ұзақ демалыс кезінде өз балаларын қауіпсіздендіруге және барлық жауапты бағыттарда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы шараны іске асыру қоғамдық көлікті қосымша жеңілдетуге ықпал ететін болады, бұл COVID-19 жаппай таралуын болдырмаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында тікелей болуын талап етпейтін салаларда қашықтықтан жұмыс режимін енгізген жөн.
Осыған байланысты, уақытша шектеулер кезеңінде орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мемлекеттік қызметшілердің мынадай санаттарын айқындаулары қажет:

- жұмыс орнында міндетті түрде бола тұрып, ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын тұлғалар. Бұл ретте осы тұлғалардың қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қызмет ету мүмкіндігін қарастыру қажет;
- еңбек функцияларын қашықтықтағы жұмыс режимінде орындайтын адамдар;
- демалысқа жіберілетін қызметшілер.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың жұмыс шарттары мен тәртібін осындай жұмыс режимін қарастыратын еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыру қажет.

Қашықтықтан жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді тұрғылықты жерінде болуын және өз қалалары мен елді мекендерінен кетпеулері сұралды.

2. Мемлекеттік органдарда ағымдағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді шектеу. Мемлекеттік органдардың басшыларына жедел келіссөздер мен кеңестерді скайп-қосылыстар, видеоконференцбайланыс және мессенджерлер арқылы жүргізу ұсынылды.
3. Ағымдағы тапсырмаларды орындау мерзімін қайта қарау.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықты қорғау, әлеуметтік және өзге де халықты қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты емес тапсырмалардың бақылау мерзімдерін төтенше жағдай уақытында ұзартуды немесе тоқтату ұсынылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы