Жаханның "жаңалығы": "Үш рет кездесіп, үйлендім"

Әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев қазіргі некедегі жарымен небәрі үш рет кездесіп үйленгенін айтты.

Әзілкеш журналист Зарина Мүсілімге сұхбат беріп, жұбайымен қалай танысқанын айтып берді.

Күйзелісте жүргенде қажылыққа бардым. Сол жақта отырып, күндіз-түні дұға етумен болдым. Ажырасқаннан кейін ауырдым. Жанымда ешкім қалмады. Ақшам да жоқ, қарызға да кірдім. Сондай қиын сәтте Меккеге кетіп қалған едім. Қатты шаңырақ көтеріп, отбасын құрғым келді. Құдайдан сұрадым. Болашақ келіншегімнің бет-әлпетіне дейін сұрадым. Сол кезде болашақ келіншегім де Меккеде өзіне жар сұрапты. Ең қызығы, күйеуінің әзілге жақын болуын тілеген. Соны естігенде қатты таңғалдым. Меккеден келгеннен кейін, бір күні жақын адамым маған бір келіншекпен танысуымды өтінді. Жеке парақшасын жіберіп, реакция жібердім. Ол да солай жауап берді. Содан сөйлесіп кеттік. Бірден "Маған күйеуге шығасың ба, үйленейік" дедім. "Аға, асығыссың ғой" деп әзілдеді. Осылайша, нөмірін алып, кездесуге шақырдым... Екінші кездескеннен кейін, жүрегімде тыныштық орнады. Болды, менің адамым деп ойладым. Екеуміз де үлкен адамбыз, ашық сөйлестік. Бас-аяғы үш рет кездескеннен кейін, оған ұсыныс жасадым, - дейді актер.

Сонымен қатар әйелінің бірінші некесінен екі қызы өзін "көке" деп атайтынын жеткізді.

Осы уақытқа дейін баласы бар келіншекке үйленемін деп ойламадым. Бірақ маңдайға жазғанын көреді екенбіз. Мектеп жасындағы екі қызы бар екенін айтты. Соларға жақсы әке болуды армандаймын. Әрі қарай бала сүйіп, жарасымды отбасы болу үшін барымды саламын. Кіші қызы "Сізді қалай атаймыз" деді. "Көке" деп айтыңдар" дедім. Шүкір, қазір бәрі жақсы, - деп жауап берген Жахан Отарғалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы