Жаһандық мәселе: шөлді аудандар ұлғайып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы климаттық мәселенің ушығып келе жатқанын айтты.
Сәуірде Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі инфляцияның орташа көрсеткіші 12 пайыздан асып отыр. Бұл 2008 жылдан бергі бүкіл кезеңдегі инфляцияның ең жоғары деңгейі, -деді ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов.
Тұқымовтың сөзінше, Орталық Азияда климаттық мәселелер де ерекше маңызға ие.
Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріндегі орташа температура 1,5 °C-қа өсті. Яғни, 2 °C десек те болады. Бұл жаһандық өсімнен 0,7 °С жоғары. Тіпті елімізде де шөлейтті аумақтар көбейіп келеді. Бұл тенденция әлемнің бүкіл елдерінде көрініс тауып отыр. Онда жылдық орташа температура 60-70 жылдарды мен 2000-шы жылдармен салыстырғанда 5 °C-қа көтерілген. Бұл өзекті мәселе деп білемін, -дейді спикер «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференцияда.