Бүгiн 2026, 18:08
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Жаһандық инновациялар индексі: Қазақстан әлемдік рейтингте 81-орынға ие болды
Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның мәліметіне сәйкес, еліміздің көрсеткіші 26,3 балды құрады.
Global Innovation Index әлем елдерінің инновациялық экожүйесін жыл сайын бағалайды. Биылғы зерттеуге 139 экономика енгізілген. Индекс мемлекеттердің жаңа технологияларды әзірлеуге, енгізуге және кеңінен қолдануға қаншалықты дайын екенін, сондай-ақ ғылымды, бизнес ортаны, цифрлық инфрақұрылымды және креативті индустрияларды дамыту деңгейін көрсетеді.