Жаһандық бидай тапшылығы болуы мүмкін – Bloomberg

Украинада және бірқатар Еуропа елдеріндегі егіннің аз мөлшері жоғары сапалы ұн тартатын бидайдың жаһандық тапшылығына соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Украроконсалт компаниясы сарапшыларының пікірінше, жиналған бидай өнімінің тек 35-40 пайызы ғана жоғары сапалы болады. Бұл - соңғы онжылдықтағы ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар, Одесса облысының порт инфрақұрылымы бойынша дрондардың соңғы шабуылдарының салдары да астықты елден әкетудің қауіпсіздігіне әсер етеді.

Әскери қақтығыс жағдайында жергілікті фермерлердің тыңайтқыштарды қолдануға қолжетімділігі шектелді. Ал жоғары ылғалдылық егін жинау сапасын төмендетті.

Еуропалық фермерлер де осындай проблемаға тап болды. Франция мен Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде мол жауын-шашын астық сапасының төмендеуіне әкелді. Германияда нөсер жаңбырдың салдарынан жергілікті фермерлер бидай дақылының бестен бір бөлігін ғана жинай алды. Қолайсыз ауа райы Ұлыбританиядағы егіс жұмыстарына да теріс әсер етті. Британдық ауыл шаруашылығы мен бау-бақшаны дамыту Кеңесі жаңбырлы ауа райы бидайдың шіріп кетуіне әкелуі мүмкін екендігін де айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы