Жаһандық саммитке қатысатын қазақстандық команда белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Seedstars Summit CEE 2019 өңірлік конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Бұл жөнінде "Астана Innovations" баспасөз-хатшысы Әсел Әлімханова хабарлады.

Еліміздің Biometric командасы  Лозаннада өтетін Seedstars 2020 жаһандық саммитіне қатысады. Орталық, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядан барлығы 8 жеңімпаз таңдалды. 


Мысалы қазақстандық Biometric жобасы адамның бетін тану технологиясына негізделген қолма-қол  жылдам несие беретін банкоматтарды ұсынса, Грузияның Lingwing жобасы интерактивті платформа, арзан шешімнің көмегімен адамдардың қарым-қатынас жасау дағдыларын 4-5 есе жылдам игеруге мүмкіндік беретін жобасын ұсынды. Одан өзге Монғолия, Ресей, Латвия, Армения, Украина елдерінің бірегей жобалары да осы саммитке қатысады.


Енді қатысушы командалар әлемнің 60-тан астам стартаптарымен бірге өздерінің идеяларын Швейцариядағы басты сахнада көрсетуге және акционерлік капитал 500 000 АҚШ долларына дейін инвестиция жеңіп алуға мүмкіндік алады. Астана Innovations командасы саммит ұйымдастырушыларының бірі болғаны біз үшін үлкен мақтаныш, - деді Әсел Әлімханова


Ол кез-келген стартап іс-шараның басты мақсаты жастарға бизнес құру мен жүргізу  дағдыларын үйрету, жергілікті және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігін беру екенін ерекше атап өтті.

Seedstars Summit CEE елордада әлемнің 20 елінен 250-ден астам қатысушыларды жинап, онда командалар әртүрлі жобалармен танысып, тәжірибе алмасты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы