24 Маусым 2024 2024, 16:05
Фото: - архив
"Жағдайы ауыр". БҚО-да жас полицей абайсызда өз-өзін атып алған
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері абайсызда қызметтік қарумен өзін атып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері абайсызда қызметтік қарумен өзін атып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Мой Город" порталының мәліметінше, оқыс оқиға бақылау полиция департаментінің өткізу пунктінде болған. Бұл оқиғаны ведомствоның баспасөз қызметі растады.
Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген өңірдің Полиция департаменті таратқан ақпаратта.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы 2003 жылғы науқастың жағдайы өте ауыр екенін атап өтті.
Пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр, - деді басқармадағылар.