Сәуірде халықтың 20 пайызы вакцинацияланады – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
Коронавирус бойынша әлемдегі жағдай әлі де мәз емес. Бүгінгі таңда әлемде 148 млн КВИ жағдайы тіркелген. Тәулігіне 600 мың науқас тіркеліп жатыр. 3 млн адам көз жұмды. Әлемдік рейтингке сәйкес, 221 елдің ішінде Қазақстан індеттің таралуы бойынша 108-орында тұр, қайтыс болғандар бойынша 107-орында. Елде 27 сәуірдегі жағдай бойынша 311 400 жағдай КВИ бойынша, КВИ – 52 471 жағдай анықталды, - деді Цой.
Оның айтуынша, жоғары эпидемиологиялық қауіпті деңгейде 10 өңір тұр.
Жасыл аймақта Түркістан мен СҚО тұр. Күн сайын індетті жұқтыру деңгейі наурыздағы 46 пайыздан өткен аптада 8 пайызға дейін төмендеді. Жағдайдың тұрақтанып келе жатқаны байқалады. 27 сәуірдегі жағдай бойынша республикадағы инфекциялық орындардың қамтылуы 41 пайызды, жансақтау бөлімі 28 пайызды құрап отыр. Жатын орынның қосымша резерві 62 мыңды құрады. Бүгінде бос резервтік орын 28 мың орынды құрап отыр, - деді министр.
Цой атап өткендей, бүгінде адамдарды вакцинациялау екі вакцина бойынша жүргізіліп жатыр.
Вакцинаны жеткізу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Ол сәуірде халықтың 20 пайызын қамтиды. Жұмыс жалғасып жатыр. Вакцинациялау елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады, - деді Цой.