17 Шілде 2026, 18:22 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жағдай жедел штабтың тұрақты бақылауында – ТЖМ өрт туралы

Қазіргі уақытқа дейін жалпы көлемі 864 тонна суды құрайтын 376 рет су төгу жұмысы орындалды.

Жедел штаб жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Барлық жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына және елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта белсенді ашық жану ошақтары жоқ. Өрт толық сөндірілгенге дейін күштер мен құралдар күшейтілген режимде жұмыстарын жалғастыруда. Қайта тұтанудың алдын алу мақсатында күйген ағаштар мен орман төсеніштерін бөлшектеу, сондай-ақ топырақпен көму және су себу (проливка) жұмыстары жүргізілуде.

Өрттің таралуына және жаңа өрт ошақтарының пайда болуына жол бермеу үшін өрт аумағының периметрі бойынша минералдандырылған жолақтар жасалып, жер жырту (опашка) жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытқа дейін жалпы көлемі 864 тонна суды құрайтын 376 рет су төгу жұмысы орындалды.