Жағдай ушықты. Әкімнің орынбасары тараздықтарды вакцина алуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Таразда күніне 186 адам індет жұқтырған. Қаңтар айында бір айда 283 болған, қазір шілдеде 1814 жағдай тіркелді. Бұл індеттің артқанын көрсетіп отыр. Біз алдымен санитарлық нормалар мен той-томалаққа бару, бетперде тақпау арқылы өзгелерге жұқтыруды байқап отырмыз, - деді ол.
Садубаев демалыс күндері 4 мобильдік топ жұмыс істегенін айтты.
Қазір ересек адамдар ғана емес, балалар да ауырып жатыр. Жағдай ушықты. Ауруханаларда орын жоқ. Бұл салғырттық танытатын дүние емес. Азаматтарға түсіндіріп жатырмыз. Тойға барғандарға жеке тұлға ретінде 83 мың теңге айыппұл салынады. Барша азаматты вакцина алуға шақырамыз. Себебі вакцина алсаңыз, ауруханаға барып жатпайсыз. Ол жеңіл түрде өтеді, - деді Алмас Садубаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы