"Жағдай түрмедегіден де нашар". Алматы лагерінде балаларды саунаға орналастырған

Алматыда «Арман дала» лагерінің төңірегінен дау шықты. "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санатындағы балалар лагерге тегін жолдама алған, бірақ лагер сауна ғимаратында орналастырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Күні кеше, ата-аналардың бірі Facebook-тегі парақшасында балалардың желдетілмейтін бөлмелерде орналасқандығы туралы айтқан. 

Сонымен қатар лагерь сауна ішінде орналасқан, сыртында өзге ер адамдар жүрген.

Екі күн бұрын Жетісу ауданының балалары «Арман дала» лагеріне аттанды. Бірден кешке қарай балалар ата-аналарына бейнероликтер мен фотосуреттерді жібере бастады. Балаларды лагерге жіберсе, оларды лагерге жетпей кафе мен саунаға орналастырған. 100 адам желдетілмейтін бөлмеде жатыр. Балалар еденде ұйықтайды. Ұлдар да, қыздар да бір бөлмеде топтасып жатады. Бұл қашаннан бері қалыпты жағдайға айналды? Мен қазір, шынымды айтсам, шошып кеттім. Олардың қайда, не жейтінін әлі білмейміз. Жағдай түрмедегіден де нашар. Ата-аналардың көбісі балаларын алып кетуге барды. Лагердің қазіргі жағдайымен таныс болды. Демалыс орталығын таңдаған азаматтар не ойлады? Білім басқармасы өз жұмысына салғырт қарады, - дейді Ирина Ким есімді ата-ана.

Алматы қалалық Білім басқармасы өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Департамент қызметкерлері ата-аналарының арызы бойынша «Арман» саяжайына шұғыл аттанды. Аталған ұйыммен келісімшартты бұзу мәселесі қаралады. Қазір балаларды үйлеріне қайтарып жатыр, жақын арада мектеп оқушыларына қатысты бекітілген ережелерді қатаң сақтай отырып, балалар лагерлерге жіберіледі, - деді ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: facebook.com/people/Ирина-Ким
Өзгелердің жаңалығы