"Жағдай өте күрделі". Ресей АҚШ-пен келіссөзден кейін мәлімдеме жасады
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамптың командасымен келіссөздер жақсы жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірақ ол АҚШ-пен қарым-қатынасты тез қалпына келтіру мүмкін емес екенін ескертті.
Песковтың айтуынша, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы байланыс бұрынғы Байден әкімшілігінің әрекеттерінен қатты зардап шеккен, сондықтан қазір бәрін қайта бастауға тура келеді.
Қарым-қатынасты нөлден бастау – өте күрделі жұмыс. Бұл үшін ең алдымен дипломатиялық күш салу қажет, – деді ол.
Оның сөзінше, екі ел арасындағы елшіліктердің жұмысы мен арнайы өкілдердің сапарлары қайта жанданып келеді, бірақ нақты нәтиже шығуы үшін уақыт керек.
Путин мен Трамп келіссөздер барысын бақылап отыр. Бірақ мәселе тым терең, оны бірден шешу мүмкін емес, – деп түйіндеді Песков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ пен Қытай арасында соғыс басталуы мүмкін
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы