Жағдай күрделі. Смадияров Газа секторында қанша отандасымыз бар екенін айтты

Бұл туралы брифингте Сыртқы істер миристрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Газа секторында 67 Қазақстан азаматы және олардың отбасы мүшелерімен қосқанда 100-ден астам адам анықталды, – деді Смадияров.

Қазақстанның Мысыр мен Иорданиядағы елшіліктері осы аудандағы азаматтарымен байланыста.

Күнделікті негізде жергілікті билік пен отандастарымызбен олардың отбасы мүшелерін Газа секторынан Египетке Рафах өткізу пункті бойынша өткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді ресми өкіл.

Ол Қазақстаннан басқа да 45 ел елшілігі осындай келіссөздер жүргізіп жатқанын хабардады.

Кейбір отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелері, шетелдік азаматтарда, қандай да бір құжаттар жоқ. Осы және басқа да мәселелерді Қазақстан дипломаттары пысықтап жатыр, – деді Смадияров.

Еске салсақ Израильден 15 қазақстандық оқушының ұшып шығуы ұйымдастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы