Жағдай күрделене берсе, тәулігіне 40 мыңға дейін адам ауырады – Министрлік эпидахуалға болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, министрлік коронавирус инфекциясы бойынша алдағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасаған.
Осы орайда, ең алдымен коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталғаны ескеріліпті.
Оптимистік сценарий кезінде: ревакцинациямен 100%-ға дейін қамтылғанда, рофилактика шараларын жаппай сақтағанда тәулігіне 17,5 мың жағдайға дейін тіркеледі. Реалистік сценарийге сәйкес ревакцинациямен 70% аз қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда тәулігіне 25,5 мың жағдай анықталады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Ел тұрғындарына халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға кеңес берген министр пессимистік болжамды да алға тартты.
Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40%-дан аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Туыстарға бармау, үйде қонақ шақырмау керек. Қоғамдық орындарда, көшеде маска режимін сақтаған жөн. Вакцинация алмаған азаматтарды алғашқы вакцинация курсын алуға, ал 6 ай бұрын вакцинация алған адамдарды ревакцинация салдыруға шақырамын, - деп ескертті Ажар Ғиният.