Жабық жолда полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды,деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Екатеринбург тас жолының жабылған кезінде болған.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды,

 Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді. 

13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен азамат әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы