Жақынынан айырылған адамдарды қолдау өте маңызды – Демесінова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақынынан айырылған адамдарды қолдау өте маңызды. Бұл туралы "Болашақ" қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне қатысты пікірінде айтты.

Президенттің үндеуін тыңдадым. Егер тармақ бойынша айтатын болсақ, ең маңыздысы - Мемлекет басшысының 13 шілдені Қлттық аза тұту күні етіп жариялауы. Қазір әрбір отбасы коронавирус инфекциясынан зардап шекті. Бұл қадам елдің барлық деңгейі бойынша жақынынан айырылған адамдардың қайғысына ортақтасуды білдіреді, - деді ол. 

Демесінова айтқандай, Президент коронавирустың қаупін бағасыздандырмауға шақырды.

Мен онымен толық келісемін. Қазір әрбір қазақстандық өзі мен жақындарын қорғау үшін барлық санитарлық талаптарды сақтауы керек. Қазір бізге бірігіп, осы күрделі кезеңде жақынынан айырылған адамдарды қолдау өте маңызды. Дегенмен, бұл ауыр індетке шалдықпас үшін карантин талаптарын барынша сақтап, қажеттілік болмаса, үйден шықпау керек, - деді ол. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы