Жақыныңа жанашыр бол: Павлодарлықтар дәрігерлерді қолдау акциясын жалғастыруда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Провизорлық госпитальдерде жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қолдау көрсету мақсатында өңір колледждері дәмді ас әзірлеп, дәрігерлерге жеткізіп беруде.
Колледж мамандары еңбек демалыстарына қарамастан, жұмысқа шықты. Басты мақсат провизорлық орталықтың дәрігерлеріне түскі және кешкі ас әзірлеу.
Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-колледжінің аспазы Зағипа Тайжанованың айтуынша, қызметкерлер демалысқа қарамастан, жұмысқа келді.
Үйде жайбырақат отыра алмадық. Колледжге келіп, асханамызды аштық. Міне, сорпа, қуырдақ пісіріп қойдық. Салаты мен компоты да бар. Қиын сәтте дәрігерлер қауымын қолдап, аз да болса көмектесуге тырысып жатырмыз. Оларды үй тамағымен тамақтандырғанымыз келеді, - дейді Зағипа Тайжанова.
Әзірленген ас "Баянтау" спорт кешенінде ашылған провизорлық орталыққа жеткізілді. Орталық меңгерушісі Даният Байдәулетовтың айтуынша, соңғы тәулікте 60 адам қабылданды. Барлығы - пневмонияға шалдыққандар.
Орталық 250 төсек-орынға шақталған. Қазіргі уақытта ауруға шалдыққандардың саны біршама азайды. Дегенмен, бұл уақытша құбылыс болуы әбден мүмкін. Бізге түсетін азаматтардың көбі 40 жастан асқан және қант диабеті, жүрек ауруларына шалдыққанОблыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы күндері жедел-жәрдем қызметіне түскен шақыртулардың саны 30%-ға азайған. Шілде айының басында тұрғындардан түсетін қоңыраулардың саны 1100-ден асса, қазіргі уақытта 700-ге дейін азайған.
адамдар болып шықты. Оларға барынша көмектесуге тырысып жатырмыз, - дейді Даният Байдәулетов.
Айта кетейік, қазіргі таңда аймақтың емдеу мекемелерінде үш мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500: 700 мың қазақстандық SMS-хабарлама алды
Өзгелердің жаңалығы