3 Тамыз 2020 2020, 11:46
Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсімі тек отбасының қатысуымен өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасының қатысумен өтеді.
Алматы, BAQ.KZ. Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасының қатысумен өтеді.
2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы, "Барыс", "Құрмет", және "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеден озды.
Жақсылық Үшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдіруде.
Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.