Жаһандық туризмнің табысы 80% қысқаруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жаһандық туризм талай табыстан қағылатыны анық, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тіпті пайда түсімі 80 процентке дейін азаюы мүмкін. Бейжіңде өткен Дүниежүзілік туризм ұйымы халықаралық конференция барысында осындай болжам айтылды. Және ол негізсіз емес. Қауіпті вирус әлем халықтарының саяхатқа шығуына тұсау болды. Ішкі туризм де біраз уақыт жабық тұрды. Жергілікті биліктер араласпаса, іс тіпті құрдымға кетуі мүмкін екенін ескертті.Әрбір мемлекет коронавирусқа қатысты шынайы ақпаратпен ашық бөлісуі қажет. Сонда ғана ахуалды анық байқап, таралу барысына бақылау орнатуға болады, әрі арнайы жүйе құрылуы керек. Өйткені барлық елдің коронавирусты жеңуге шамасы жете бермейді. Мықты мемлекеттер өз халқын қорғай алады делік, тұрмысы төмен елдер ше? Тіпті вирусқа тестілеу жағын алып қарайық. Бір елдер тез тексеріп, нәтижесін де қолма қол жарияласа, келесі баяу қимылдайды. Тест табыла салмайтын елдер де болуы мүмкін, – дейді Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы бас хатшысының орынбасары, Ли Баочунь.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртауда із-түзсіз жоғалып кеткен адамның денесі табылды
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы